$ 512.83  600.58  6.36

АҚШ Венесуэла президенті мен оның әйеліне «есірткі тасымалымен айналысты» деген айып тақты

"Олар АҚШ аумағында америкалық сот алдында жауап береді”. 

Фото: Reuters
Фото: Reuters

АҚШ-та Венесуэла президенті мен оның жұбайына ресми айып тағылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

АҚШ-тың бас прокуроры Пэм Бондидың айтуынша, Венесуэла президенті Николас Мадуро мен оның жұбайы Силия Флореске Нью-Йорк штатында ресми түрде айып тағылды. 

“Николас Мадуроға есірткі терроризмі мақсатындағы сөз байласу және кокаин тасымалдау айыптары тағылды. Сондай-ақ оған пулеметтер мен жойқын құрылғыларды заңсыз иемдену және оларды АҚШ-қа қарсы қолдану мақсатында иемденуге сөз байласу баптары бойынша да айып тағылып отыр. Жақын арада олар АҚШ аумағында америкалық сот алдында жауап береді”, – деп жазды Пэм Бонди X әлеуметтік желісінде.

Бас прокурор президент Дональд Трампқа “батылдығы мен табандылығы” үшін алғыс білдірді.

“Сонымен қатар осы екі болжамды халықаралық есірткі саудасымен айналысқан тұлғаны ұстау бойынша ерекше әрі аса сәтті операция жүргізген батыл әскери қызметкерлерімізге зор ризашылығымды білдіремін”, – деді Бонди.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары