04.01.2026, 13:30

Венесуэлаға уақытша президент тағайындалды

Фото: Lev Radin/Global Look Press

Report агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, бұл туралы жергілікті Venezolana de Televisión телеарнасының эфирінде судья Таня Д’Амелио мәлімдеді.

Венесуэланың жоғарғы соты вице-президент Делси Родригесті мемлекет басшысының міндетін атқарушы етіп тағайындады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. 

Report агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, бұл туралы жергілікті Venezolana de Televisión телеарнасының эфирінде судья Таня Д’Амелио мәлімдеді.

Венесуэланың жоғарғы соты (TSJ) республиканың атқарушы вице-президенті Делси Родригестің Конституция мен Венесуэла заңдарын қатаң сақтай отырып, республика президентінің міндетін дереу атқаруға кірісуін тапсырды, - деді ол.

Судьяның түсіндіруінше, бұл шешім жоғарғы соттың Конституциялық палатасы тарапынан 2026 жылғы 3 қаңтарда орын алған шетелдік әскери агрессияға және Венесуэланың конституциялық президенті Николас Мадуроның ұрланып әкетілуіне байланысты қабылданған.