Оқиға орнына құтқарушылар дереу жетті.
Жамбыл облысы Байзақ ауданында 11 жастағы қыз сырттағы әжетханаға құлап кетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оқиға орнына құтқарушылар дереу жетті.
“Арнайы құтқару жабдықтарының көмегімен ТЖМ қызметкерлері 11 жастағы қыз баланы даладағы дәретхананың шұңқырынан алып шықты”, — деп мәлімдеді құтқарушылар.
Құтқару жұмыстары аяқталғаннан кейін бала тексеру және қажетті медициналық көмек көрсету үшін медицина қызметкерлеріне тапсырылды.