$ 512.83  600.58  6.36

Семей көшелерін жаппай тышқан қаптады

Қала әкімдігі тұрғындар дабылына құлақ аспай отыр. 

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

 

Семей қаласының кейбір ауласы мен көшелерінде тышқан көбейіп, тұрғындардың алаңдаушылығын тудырып отыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желілерде тараған видеолардан қоқыс жәшіктері маңында, қоршаулардың түбінде және қар астында еркін жүгірген кеміргіштер анық байқалады.

Тұрғындардың айтуынша, бұл жағдай санитарлық талаптардың сақталмауы мен тұрмыстық қалдықтардың уақытылы шығарылмауынан ушыққан.

Әсіресе көпқабатты үйлердің аулаларында қоқыс пакеттерінің ашық жатуы тышқандардың көбеюіне қолайлы орта қалыптастырған.

Мамандар мұндай жағдай жұқпалы аурулардың таралу қаупін арттыратынын ескертіп отыр.

Ал қала әкімдігі тұрғындар дабылына құлақ аспай, санитарлық қауіпсіздік мәселесін бақылаусыз қалдырып отырғаны сынға ілікті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары