$ 512.83  600.58  6.36

Талғардағы демалыс орындарының бірінде қонақ үй толық өртеніп кетті

Бұл туралы ТЖМ хабарлады.

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

Алматы облысы Талғар ауданындағы демалыс орнында қонақ үй өртеніп кетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы ТЖМ хабарлады.

Оқиға бүгін, 6 қаңтарда болған.

"Бүгін Алматы облысының 112 пультіне Талғар ауданы, Алатау ауылдық округіндегі демалыс аймағының бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Шақырту орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетті. Жеткенде қонақ үйдің жануы анықталды. Өрт сөндірушілердің үйлесімді және жылдам әрекеттерінің арқасында өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары