$ 512.83  600.58  6.36

Қарағандыда адам өліміне шақ қалған сәт: Әкімдік ұмытқан ашық құдыққа көлік түсіп кетті

Тұрғындар жауапты мекемелерден нақты шара қабылдауды және кінәлілерді қатаң жауапқа тартуды талап етуде.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

 

Қарағандының Юго-Восток, Степной ауданында таңғы сағат 7:30 шамасында жүргізуші қар астында жасырынған ашық құдықты байқамай, көлігімен тікелей соған түсіп кеткен, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Сол сәтте көлікте кішкентай баласы бар әйел отырған, абырой болғанда, адам шығыны тіркелмеді, алайда темір тұлпарға айтарлықтай зақым келген.

Куәгерлердің айтуынша, жолды қалың қар басып қалғандықтан, қауіпті шұңқыр мүлде көрінбеген. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазба тұрғындардың ашу-ызасын қоздырып, коммуналдық қызметтердің салғырттығын тағы бір мәрте әшкереледі.

Қала әкімдігі ашық құдықтарды дер кезінде жауып, тексермей отырғанда, қарапайым халықтың өмірі күн сайын ажалмен бетпе-бет келіп отыр.

Қазір тұрғындар жауапты мекемелерден нақты шара қабылдауды және кінәлілерді қатаң жауапқа тартуды талап етуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары