Қазір зардап шеккен жұмысшыға қалалық ауруханада медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Қостанай облысында Eurasian Resources Group компаниясына тиесілі "Соколовская" шахтасында жарылыс болды. Салдарынан жұмысшы зардап шекті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Компанияның хабарлауынша, шахтадағы скреперлі лебедка машинисі бақылаусыз жарылыс салдарынан жарақат алған. Қазір зардап шеккен жұмысшыға қалалық ауруханада медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Оқиға бойынша тергеу басталды. Полиция мәліметінше, "Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.