Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай отырысы өтетін күнді белгіледі, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Мемлекет басшысы Құрылтай отырысын өткізуді осы жылдың 20 қаңтарына белгілеп, алдағы маңызды іс-шараны ұйымдастыру және оған тыңғылықты әзірлену жөнінде нақты тапсырма берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринмен және президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевпен парламенттік реформа бойынша кезекті жұмыс кеңесін өткізді.
Ерлан Қарин мемлекет басшысына Жұмыс тобының 9 қаңтарда өткен отырысында болашақ бір палаталы парламенттің мәртебесін, өкілеттіктері мен функцияларын анықтауға, сондай-ақ биліктің басқа да тармақтарымен өзара іс-қимылына қатысты тәсілдер әзірленгенін айтты.