Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен әйел медициналық мекемеге жеткізілді.
Бүгін, 13 қаңтар күні сағат 11:50 шамасында Қарағанды қаласындағы Шахтёрлер даңғылында жаяу жүргіншінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қарағанды облысы Полиция департаментінің мәліметінше, алдын ала дерек бойынша, Hyundai маркалы автокөлікті басқарған 35 жастағы жүргізуші жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен 57 жастағы әйелді қағып кеткен.
Оқиға орнынан түсірілген бейнежазба редакцияға жолданған. Кадрлардан жол апаты болған аумақ көрінеді. Айта кетерлігі, реттелетін жаяу жүргіншілер өткелі апат болған жерден бірнеше метр ғана қашықтықта орналасқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен әйел медициналық мекемеге жеткізілді.
Аталған факті полицияда тіркеліп, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.