$ 509.84  595.75  6.47

Атырауда баскетбол алаңында жасөспірім қайтыс болды

Жасөспірімде жүрек жеткіліксіздігі болғанымен, ресми есепте тұрмаған.

Фото: pixabay
Фото: pixabay

Атыраудағы спорт кешенінің бірінде 13 жастағы жасөспірім көз жұмды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Ақ Жайық» газетінің хабарлауынша,  қайғылы оқиға 8 қаңтар күні Атыраудағы спорт кешенінің бірінде болған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 13 жастағы ұл баланың жедел жәрдем қызметі келгенше көз жұмғанын хабарлады. Спорт кешенінің медбикесі жасөспірімге жүрек-өкпе реанимациясын жасаған. Алайда жедел жәрдем бригадасы келгенде бала өмірден өткен болатын.

Ресурстың жазуынша, жасөспірімде жүрек жеткіліксіздігі болғанымен, ресми есепте тұрмаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары