$ 509.84  595.75  6.47

Алматыдан ұшатын рейстер ауа райына байланысты кешіктіріліп жатыр

Бұған тым салқындаған тұман мен көрінудің 150 метрден төмендеуі себеп болған. 

Фото: Air astana
Фото: Air astana

Алматы қаласынан ұшатын Air Astana әуе компаниясының кешкі рейстері қолайсыз метеожағдайларға байланысты кешіктіріліп жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әуе компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, бұған тым салқындаған тұман мен көрінудің 150 метрден төмендеуі себеп болған. 

Осындай жағдайда Air Astana әуе кемелерін өндіруші Airbus белгілеген ұшуға қатысты пайдалану шектеулері аясында әрекет етеді. Кешігулер негізінен Airbus NEO тобына жататын әуе кемелерімен орындалатын рейстерге әсер етіп отыр, - деп хабарлады Air Astana компаниясының баспасөз қызметі.

Рейстердің бір бөлігін орындау үшін әуе компаниясы FlyArystan әуе тасымалдаушысының қосалқы ұшағын пайдалануды жоспарлап отыр.

Жолаушыларға рейстердің өзекті мәртебесін Air Astana-ның ресми сайтынан немесе мобильді қосымшасынан алдын ала нақтылап отыру ұсынылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары