$ 509.84  595.75  6.47

«Бұл-кәсіби маньяктың әрекеті»: Ақтаудағы трагедияға күдіктінің әкесі пікір білдірді (ВИДЕО)

"Мұны Сұлтан жасады деген ой үш ұйықтасам да түсіме кірмейді". 

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Атырау облысында қоғам назарын аударған қылмыстық іске байланысты күдікті ретінде аталған Сұлтан Сәрсемәлиевтің әкесі алғаш рет көпшілік алдында пікір білдірді. «Qazaq airan» жобасының тілшісі Айдана Мейрамбайқызы Жангелдин ауылына барып, күдіктінің әкесімен тілдескен, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Сұлтан Сәрсемәлиевтің әкесі Самиғолла Сәрсемәліұлы әлеуметтік желілер мен ақпарат алаңында ұлына қатысты тараған пікірлерге наразылығын жеткізді. Оның айтуынша, соңғы уақытта Сұлтанды кінәлаған түрлі болжамдар мен айыптаулар шамадан тыс көбейіп кеткен.

«Қазір телефонды ашсаңыз болды, барлығы бір адамды нысанаға алып, менің балама жабылып жатыр. “Күйеу баласы істеген”, “осы кінәлі” деген сөздер айтылып жүр. Шынымды айтсам, мұны Сұлтан жасады деген ой үш ұйықтасам да түсіме кірмейді. Оның бұл іске қатысы жоқ екеніне жүз пайыз сенемін. Қой бауыздауға да жүрегі дауаламайтын адам мұндай қатыгездікке қалай барады? Бұл — кәсіби маньяк жасайтын әрекет. Өлтіріп, көміп, ізін жасыру — кез келген адамның қолынан келмейді», — дейді ол.

Самиғолла Сәрсемәліұлының айтуынша, қаза тапқандар — күдіктінің туған ата-енесі болған. Оның үстіне, оқиға кезінде Сұлтанның қасында жұбайы жүргенін де алға тартты.

«Марқұмдар — оның жауы емес, туған ата-енесі. Қасында әйелі бірге жүрген. Осындай жағдайда айтылып жатқан әңгімелерге қалай сенуге болады? Оның үстіне, мен — әкесімін. Бұл жағдай төбеден түскендей болды, не айтарымды да білмей қалдым», — деді ол.

Айта кетейік, аталған іс қоғамда қызу талқыланып, әлеуметтік желіде түрлі пікір мен болжамның таралуына себеп болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары