$ 498.34  519.72  4.85

Алматыдағы ресейлік компанияның жанармай бекеттерінде бензин қымбаттады

Бүгін Алматы қаласы мен маңында орналасқан ресейлік «Газпромнефть» компаниясына қарасты жанармай бекеттерінде АИ-95 маркалы бензин қымбат бағамен сатыла бастады, деп хабарлайды Азаттық.

Алматы қаласындағы Майлин көшесінде орналасқан жанармай бекетінде осы бензиннің бір литрінің бағасы 153 теңге, Өтеген батыр кентінде орналасқан екі бекеттің бірінде - 163, екіншісінде - 153 теңге деп көрсетілген.

Бағаның бұлайша екі түрлі болуын жанармай бекеті қызметкерлері «бензин сапасына байланысты» деп түсіндірді.

Жанармай бекеті қызметкерлерінің айтуынша, «құрамында тез және таза жанғыш қоспалары бар бензиннің бағасы 163 тенге, ал құрамында мұндай қоспалары аз, яғни сапасы сәл төмендеу АИ 96-95 маркалы бензин - 153 тенге» болып отыр.

Негізі, бензиннің бұл түрі бұған дейін 145 тенгеден сатылып келген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары