$ 498.34  519.72  4.85

Елімізде 350-ден аса жасөспірім есірткіге тәуелді

Қазақстанда есірткіге тәуелді 353 бала бар. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Республикалық нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемалары ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Алтынай Есқалиева мәлім етті.

— Қазіргі таңда бізде есірткіге тәуелді болғандықтан, арнайы есепке алынған 353 кәмелеттік жасқа толмаған бала бар. Жасөспірімдер арасындағы есірткіге тәуелділікті азайтуға бағытталған жұмыстар қарқынды жүргізілудің нәтижесінде көрсеткіштер айтарлықтай төмендеп отыр, — деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, есірткіге тәуелділіктің жолын кесуге бағытталған жұмыстар мектептерде кеңінен жүргізілуі тиіс. Сондай-ақ белгілі салада зор жетістікке жеткен балаларды үлгі ету арқылы мектеп оқушыларын бастауыш сыныптардан бастап салауатты өмір салтына бейімдеу қажет.

— Бұған қоса, балаларға дұрыс ақпарат беру керек. Қазіргі уақытта біз осыған баса назар аударудамыз. Мектептерде түсіндіру жұмыстары да дұрыс жүргізілуі тиіс, — деді А.Есқалиева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары