$ 510.95  594.49  6.5

Арқалық әуежайына Мыржақып Дулатовтың есімі берілмек

Бұл туралы қалада өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі барысында белгілі болды.

Фото: Википедия
Фото: Википедия

Көрнекті қоғам қайраткері Мыржақып Дулатовтың есімі Арқалық қаласының әуежайына берілетін болады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жаслан Ысқақовтың айтуынша, ол биылғы ақпан айынан бастап жаңадан құрылған Арқалық қалалық әуежайы филиалының директоры қызметіне кіріседі. Аталған әуежай Мыржақып Дулатовтың есімімен аталатын болады.

Айта кету керек, көрнекті қоғам қайраткерінің есімін беру — тарихи жадыны сақтау және өңірдің рухани жаңғыруы жолындағы маңызды қадам. Бұл шешім Алаш қозғалысы өкілдерінің қазақ мемлекеттілігін және ұлттық сананы дамытуға қосқан үлесін ұлықтауға бағытталған.

Бұған дейін Арқалықта әуежайды қалпына келтіру жұмыстары жоспарланып отырғаны белгілі болды. Әуежайды қайта жаңғырту туралы бұрынғы көлік министрі Марат Қарабаев тұрғындармен кездесу кезінде айтқан болатын. Кейін әуе айлағын салатын мердігер компания да анықталды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары