Президент 20 қаңтарда жергілікті полицияның әрекетін тексеруді тапсырған болатын.
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов салғырттыққа жол берген қатардағы полицейлерге қатысты қылмыстық істер қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Президент 20 қаңтарда жергілікті полицияның әрекетін тексеруді тапсырған болатын. Себебі полиция қыздың өзін аңду туралы бірнеше рет жасаған өтініштеріне тиісті деңгейде жауап бермеген. Соның салдарынан ол қаза тапты.
Президент тапсырмасынан соң сол күні жергілікті полиция басшысы мен оның орынбасары қызметінен босатылды. Ал 22 ақпанда Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов салғырттыққа жол берген қатардағы полицейлерге қатысты қылмыстық істер қозғалғанын хабарлады.
Қайғылы оқиға орын алып, оған президент назар аударғаннан кейін ғана мемлекеттік органдар істі қарай бастады.