$ 503.35  590.63  6.62

Ақтөбеде жан түршігерлік жол апаты: Төрт адам қаза тапты (ВИДЕО)

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жол апатының барлық мән-жайын анықтап жатыр. 

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

25 қаңтар күні сағат 17:00 шамасында республикалық маңызы бар Ақтөбе – Орынбор автожолында үш көліктің қатысуымен жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Полицияның алдын ала мәліметінше, Ақтөбе қаласынан Мартук елді мекені бағытына қарай қозғалып келе жатқан Honda Odyssey көлігінің жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып, Hyundai Solaris автокөлігімен соқтығысқан.

«Соққы салдарынан Honda Odyssey көлігі қозғалыс бағытын өзгертіп, қарсы бағытта келе жатқан ВАЗ-2110 автокөлігімен де соқтығысты», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ-2110 көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

Сондай-ақ Honda Odyssey көлігінің бір жолаушысы мен ВАЗ-2110 автокөлігінің тағы бір жолаушысы түрлі жарақат алып, медициналық бақылауға алынды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жол апатының барлық мән-жайын анықтап жатыр. Қарсы жолаққа шығу себептері тергеу барысында белгілі болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0