Селимхан келініміздің жатқан жері жұмақтың төрі болсын!
Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтің зайыбы Бағдат Әшімова әлеуметтік желідегі парақшасында отбасындағы қайғылы хабарды айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, марқұм Сағидың жары, екі немересінің анасы Селимхан өмірден озған.
"Асылымнан айырылып отырғанда, көз жасымызды азайта алмай, жүрегіміз жадап отырғанда тағы бір қайғы шаңырағымызды торлады. Сағидың жары, екі немереміздің анасы Селимхан өмірден озды. Ансарым мен Майрамның көз жасын сүрту, қайғыда қасында болу, өмір ары қарай жалғасатынын түсіндіру оңай емес. АЛЛА енді жылатпасын... Селимхан келініміздің жатқан жері жұмақтың төрі болсын", – деп жазды Бағдат Әшімова.