$ 503.35  590.63  6.62

Елімізде Президент сайлауы өтетін күнді өзгерту ұсынылды

Бүгін Конституциялық комиссияның екінші отырысы жалғасып жатыр.  

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Аталған жиында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Конституцияға ұсынылатын өзгерістерге тоқталып өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол Конституцияның 41-бабына қандай өзгеріс ұсынылғанын айтты. Бұл бап Қазақстандағы президент сайлауының өтетін күніне тікелей байланысты болып отыр.
Әділет министрінің сөзінше, аталған бапқа сай қазіргі уақытта президент сайлауы өтетін күн желтоқсан айының бірінші жексенбісі деп көрсетілген. 

– Мұндай норма әртүрлі обьективті мән-жайларды ескеруге мүмкіндік бермейді әрі өкілеттілік мерзімінің аяқталуы мен сайлау күні арасындағы мерзімдік айырмашылықтың туындауына әкеп соғуы мүмкін. Осыған байланысты, Конституцияның 41-бабында «Президент сайлауы оның өкілеттілік мерзімінің аяқталуына кемінде екі ай қалғанда өтеді» деп көзделген. Бұл редакцияда мемлекет басшысының сайлау күні оның өкілеттілік мерзімінің аяқталу күніне орай белгіленіп, құқықтық айқындық қамтамасыз етіледі, – деп нақтылады Ерлан Сәрсембаев. 

Бұған дейін Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Қасым-Жомарт Тоқаев «Мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, 2 ай аралығында кезектен тыс Президент сайлауы өтеді» деген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0