Бұл туралы Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның екінші отырысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев айтты.
Конституциядан Үкіметтің кейбір өкілеттіктері алынып тасталады. Бұл туралы Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның екінші отырысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
- Констиуцияның 5-бөліміндегі Үкіметтің функцияларын айқындайтын тиісті бапта мемлекеттік бағдарламаларды бекітуге, сондай-ақ мемлекеттік комитеттерге қатысты өкілеттіктерді, атап айтқанда олардың қызметіне басшылық жасау және актілердің қолданылуын жою немесе тоқтата тұру өкілеттіктерін алып тастау ұсынылады, - деді Ерлан Сәрсембаев.
Оның атап өтуінше, мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесіне сәйкес, мемлекеттік бағдарламалар бұл жүйенің құжаттары болып табылмайды.
- Мұндай бағдарламалар қажеттігіне қарай әзірленіп, бекітілетін болады. Қазіргі уақытта атқарушы билік құрылымындағы комитеттер орталық атқарушы органның ведомствосы болып саналады. Осыған байланысты оларды Конституцияда жеке атап өтудің орындылығы жоқ,- деді министр.