$ 503.35  590.63  6.62

Қарағандыда жеңіл көлік аялдамада тұрған әйелді қағып кетті (ВИДЕО)

Жол апаты «Кристал» тұрғын үй кешенінің жанындағы аялдамада болған.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Қарағандыдағы Тәттімбет көшесінің бойында жеңіл көлік басқа көліктің кесірінен аялдамаға соғылып, аялдамада тұрған бір әйелді қағып кетті, деп жазады  Sn.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy сілтеме жасап. 

Жол апаты «Кристал» тұрғын үй кешенінің жанындағы аялдамада болған.

«Бүгін, 26 қаңтар күні таңғы сағат 08:20-да Тәттімбет көшесінің бойымен келе жатқан «ВАЗ-2111» көлігінің жүргізушісі алдында келе жатқан KIA Sportage көлігіне соғылмау үшін басқа бір көлікке соғылған. Ал, KIA Sportage көлігі аялдамаға соғылып, бір адамды қағып кеткен», - деп хабарлайды полиция департаменті.

Көлік соққан 52 жастағы келіншекті жедел жәрдем ауруханаға апарған. Оның жағдайы әзірге белгісіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0