$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда аяғы ауыр, әрі үш баланың анасы жезөкшелердің жетекшісі болып шықты

Алматының тәртіп сақшылары жезөкшелердің кезекті ордасын анықтады. Бұл туралы «Алматы» телеарнасы «Куәгер» бағдарламасы хабарлады.

Түрксіб ауданындағы Майборода көшесінің бойында орналасқан, көзге аса байқалмайтын қонақ үйдің иелері осы бір заңсыз әрекетті ұйымдастырып, оңай олжа іздеген. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тексеру барысында жезөкшелердің ордасына жетекшілік еткен әйелді анықтады.

Ол аяғы ауыр, үш баланың анасы болып шықты. Жергілікті рейдті өткізу барысында тәртіп сақшылары ІІБ-на ақшалай түрде жыныстық қатынасқа түсетін 20-ға жуық бойжеткенді жеткізді. Олардың барлығы да ҚР-ның азаматтары. Олардың әрқайсысы ІІД-нің барлық есептері бойынша тексерілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары