$ 501.02  597.27  6.59

Жемқорлар депутаттыққа және өзге лауазымдарға сайлана алмайды

Бұл туралы “Негізгі құқықтар, бостандықтар және міндеттер” бөлімінде айтылған.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Жаңа Конституцияның жобасында жемқорлық жасап, сотты болған азаматтардың депутаттыққа және басқа да сайланбалы лауазымдарға үміткер бола алмайтыны туралы норма бекітілген, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы “Негізгі құқықтар, бостандықтар және міндеттер” бөлімінде айтылған.

“Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған Қазақстан Республикасы азаматтарының, сотталғандығы заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыс немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға қатысты кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлануға құқығы жоқ”, – делінген заң жобасында.

Сонымен қатар сот әрекетке қабілетсіз деп таныған, сот үкімімен бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлауға да, жалпыхалықтық референдумға да қатыса алмайтыны айтылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0