Қазақстанда қалада тұратын адамдардың саны 13 029 803, ал ауыл халқының саны 7 466 172 адамға жеткен.
Ұлттық статистика бюросының есебіне сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 495 975 адамға жеткен, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Халқы екі миллионнан асатын екі өңір тіркелді. Олар:
Алматы қаласы — 2 347 924 адам
Түркістан облысы — 2 148 658 адам
Халқы бір миллионнан асатын өңірлер:
Астана қаласы — 1 638 233 адам
Алматы облысы — 1 596 331 адам
Шымкент қаласы — 1 293 648 адам
Жамбыл облысы — 1 215 373 адам
Қарағанды облысы — 1 131 287 адам
Ең аз халық саны Ұлытау облысында тіркелген — 218 993 адам.
Халықтың көші-қон есебінен азаюы Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында, сондай-ақ Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында байқалған.
Қазақстанда қалада тұратын адамдардың саны 13 029 803, ал ауыл халқының саны 7 466 172 адамға жеткен.