$ 501.02  597.27  6.59

Жаңаөзенде тағы қанды қылмыс: 44 жастағы ер адамды пышақтап өлтірген

Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал алкоголь ішу барысында болған.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында медициналық мекемеде пышақ жарақатынан 44 жастағы ер адам көз жұмды. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы жағдай тұрмыстық жанжал салдарынан болған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

— Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал алкоголь ішу барысында болған. Аталған дерек бойынша «Кісі өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті жедел түрде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0