$ 505.17  599.54  6.59

Екі спортшының төбелесі: Серік Сәпиев пен орынбасары қызметінен босатылды

Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев және оның орынбасары Дәурен Есімханов қызметінен кетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ресми ақпаратқа сәйкес, екі тұлға да өз еркімен қызметтен босатылған.

— Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында ведомство басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов өз қалауы бойынша атқарып отырған лауазымдарынан босатылды, — делінген әкімдік хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін 21 қаңтар күні Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов арасында жұмыс орнында жанжал шыққаны туралы ақпарат тараған еді. Оқиғаға қатысты видео әлеуметтік желіде жарияланып, қоғам назарын аударды.

Ал 23 қаңтарда бұл жағдайға қатысты пікір білдірген Азия дзюдо одағы президентінің кеңесшісі әрі Астана дзюдо федерациясының президенті Айдар Махметов оқиғада «ешкім ешкімді ұрмағанын» мәлімдеген болатын.

Серік Сәпиев – бокстан 2012 жылғы Олимпиада чемпионы, ал Дәурен Есімханов – самбо және жауынгерлік самбодан Азия және әлем чемпионаттарының жүлдегері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 3
Ашулы 1