$ 505.17  599.54  6.59

Тараз зауыттарындағы қайғылы жағдай: Екі адам қаза тапты

Тағы бір қайғылы оқиға "Қазфосфат" зауытында болды.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Тараздағы ірі зауыттарда аз уақыт ішінде екі қайғылы оқиға тіркелді. Мұның арты қос жұмысшының өліміне әкелген, - деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Бірінші оқиға өткен бейсенбіде Жаңа Жамбыл фосфор зауытында болды. Жұмыс кезінде пештен химиялық қорытпа атқылап, үш жұмысшы зардап шеккен. Тыныс алу жолдары мен денесінің жартысын күйік шалған 31 жастағы азамат жансақтау бөліміне жеткізілгенімен, бірнеше күннен кейін көз жұмды. Зардап шеккен тағы екі адамның беті бері қарап келеді. Дәрігерлер олардың өміріне қауіп жоқ деп отыр.

Тағы бір қайғылы оқиға "Қазфосфат" зауытында болды. Онда осы серіктестікке қызмет көрсететін компанияның жұмысшысын алып техника басып кеткен. Ауыр жарақаттан жүк көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Қазір мемлекеттік еңбек инспекциясы жанынан арнайы комиссия құрылып, екі жағдайды да тексеріп жатыр.

"Комиссия мүшелері анықталды. Соған сәйкес тергеп-тексеру жүргізіліп, екі жағдай бойынша да тексеру біткен соң, тиісті органдарға берілетін болады", - деді Жамбыл облысы еңбек инспекциясы департаментінің бөлім басшысы Бекжан Әбді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0