Украина билігі «соғыс пен зорлық-зомбылықты насихаттауды» таратуға жол бермес үшін ресейлік 14 телеарнаға тыйым салды, деп хабарлайды «Қазақпарат».
Сәйкес бұйрыққа ІІМ басшысы Арсен Аваков қол қойды, деп жазады ВВС Russian.
Тыйым салынған арналар тізіміне «Бірінші арна» және ағылшын тіліндегі Russia Today арнасын қоса алғанда, барлық негізгі ресейлік хабар тарататын арналар кірді.
«Украина тәуелсіз егеменді мемлекет ретінде РФ тарапынан украиналық азаматтар арасында жеккөрушілік пен алауыздықты өршітуге бағытталған ақпараттық агрессиядан өз ақпараттық кеңістігін қорғай алады және қорғауы тиіс», деп жазды «Фейсбуктегі» өз парағында министрдің кеңесшісі Антон Геращенко.
Сонымен қатар құқық қорғау топтары сөз еркіндігін шектеу - сенімсіз ақпаратпен күресудің үздік тәсілі дегенге күмән білдірді.