$ 494.87  520.65  4.91

Павлодарда терроризмді насихаттағандар қамауға алынды

Павлодар қаласында терроризм мен экстремизмді насихаттау айыбы бойынша 20 және 46 жас аралығындағы төрт адам қамауға алынды, деп хабарлайды «Қазақстан жаңалықтары» қалалық сот мекемесіне сілтеме жасай отырып.

«Павлодар қаласының №2 соты ҚР ҚК-нің 233-1  2-бөлімімен (Терроризмді не экстремизмді насихаттау немесе терроризм не экстремизм актісін жасауға жария түрде шақыру) қарастырылған қылмыс жасады деген айыппен 1994, 1989, 1980 және 1968 жылдары туылған төрт адамға қатысты екі айға қамауға алуға санкция берді», деп хабарлады агенттікпен әңгімелесуші.

Сотта атап өткендей, ер адамдардың бірі діни ұйым  құрған, ал қалған үшеуі оның діни көзқарасын қолдап, осы ұйымға кірген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары