Салдарынан жаяу жүргіншілер тізеден су кешуге мәжбүр, ал көлік қозғалысы айтарлықтай қиындаған.
Шымкент қаласындағы Өтегенов көшесі су астында қалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әлеуметтік желіде тараған видеода Өтегенов көшесін қалың су басқаны анық көрінеді. Қардың күрт еруінен жиналған су жол бойына сыймай, тұрғын үйлердің маңына дейін жайылған.
Салдарынан жаяу жүргіншілер тізеден су кешуге мәжбүр, ал көлік қозғалысы айтарлықтай қиындаған.
Жыл сайын қайталанатын мұндай мәселеге қарамастан, қала әкімдігі тарапынан нақты әрі тиімді шешім қабылданбай отырғаны тұрғындардың наразылығын күшейтуде.