$ 494.28  587.06  6.4

Астанада ер адам қосалқы станцияға көтерілемін деп токқа түсті

Оқиға 12 ақпан күні күндіз болған.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Ақмола облысының Астанамен шекаралас Жібек жолы кентінде ер адам комплектілі трансформаторлық қосалқы станцияға көтерілемін деп тоққа түсті, деп хабарлайды  Sn.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy сілтеме жасап. 

«Жалобы Астана» Telegram-арнасында оқиға орнынан ақпарат пен видео жарияланды. Оқиға 12 ақпан күні күндіз болған.

«Психикалық ауруға шалдыққан ер адам қосалқы станцияға шығып кетіп, электр тогынан зақым алды. Зардап шегуші ауыр жағдайда медициналық мекемеге жеткізіліп, жансақтау бөліміне орналастырылды. Оқиға салдарынан кенттің бір шағынауданында электрмен жабдықтау бұзылды», – делінген хабарламада.

Ақмола облысының полиция департаменті баспасөз қызметінде осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0