14.02.2026, 10:30

Тоқаев Михаил Шайдоровты II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттайды

Фото: Ақорда

Президент атлеттің отандық спорт тарихында мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш рет алтын медаль иеленуін тарихи маңызы зор жетістік ретінде атап өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровты Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы атануымен құттықтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Президент атлеттің отандық спорт тарихында мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш рет алтын медаль иеленуін тарихи маңызы зор жетістік ретінде атап өтті.

— Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровқа жоғары шеберлігі, жеңіске деген ерік-жігері үшін алғыс айтты. Мемлекет басшысы барша спорт сүйер қауым мен ел азаматтары спортшының айтулы жетістігін мақтан тұтатынын жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровты II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ жаттықтырушыларға, тиісті министрлікке атқарған жұмысы үшін ризашылық білдірді. Президент Олимпиада чемпионына толайым табыс пен жеңіс тіледі, — делінген хабарламада.

Бұдан бұрын Михаил Шайдоров – Олимпиада ойындарының чемпионы атанғанын жазған едік.

Қазақстан Әнұраны араға 32 жыл салып қысқы Олимпиада төрінде тағы шырқалды.

Осылайша Қазақстан жалпы есепте 15-орынға көтерілді.

Осыған дейін мәнерлеп сырғанаудан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоров қазақстандықтарға алғыс айтты.