14.02.2026, 12:30

Павлодардағы үйлерден екі мәйіт табылды

Фото: Pixabay

Бұл ақпарат алдымен әлеуметтік желілерде тарады, кейінірек өңірлік полиция департаменті пікір білдірді.

Павлодар облысындағы Майқайың кентінде көрші орналасқан екі үйден ұзақ уақыт жатқан екі мәйіт табылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл ақпарат алдымен әлеуметтік желілерде тарады, кейінірек өңірлік полиция департаменті пікір білдірді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр,  делінген Павлодар облысының полиция департаменті таратқан мәліметте.

Ресми емес ақпараттарға сүйенсек, бұл үйлерде секталық бағыттағы, тұйық өмір салтын ұстанған бір отбасы тұрған болуы мүмкін. Атап айтқанда, қарт әйел мен оның немересі туралы айтылып отыр. Ал жергілікті тұрғындардың сөзінше, табылған мәйіттер әлгі әйелдің қызы мен күйеуі болуы ықтимал.

Сондай-ақ ауыл тұрғындары пабликтерде жас әйелдің шамамен үш жыл бұрын сырқаттан қайтыс болғанын жазып жатыр.