$ 496  588.01  6.42

«Жүрегім толқып тұр»: атышулы депутат ұлының тұсауын кестіру үшін Мединаға барды (ВИДЕО)

Бұл туралы депутат желіге бейнежазба жариялаған.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Нұрайым Шақимерген ұлының тұсауын кестіру үшін мыңдаған шақырым жол жүріп, Сауд Арабиясына барды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы депутат желіге бейнежазба жариялаған.

«Бүгін баламның тұсауын Осман Тоха кесті. Құран Кәрімді көркем жазумен аты әлемге әйгілі болған ұлы хаттат, ислам әлеміндегі ең беделді каллиграфтардың бірі. Құранға қызмет еткен сол қасиетті қол баламның алғашқы қадамын ашты. Жүрегім толқып тұр»,- деп жазды ол.

Еске салайық, 25 жастағы Нұрайым Шақимерген 42 жастағы Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаевтан балалы болған. Олар заңды болмаса да неке қиғызған, бірақ қазір бірге емес. Нұрайым Шақимерген Мәжіліс депутатының өзіне «үйленемін» деп уәде беріп, кейін қашып кеткенін жазған еді. Сондай-ақ бұрын Түркістан облыстық мәслихатында депутат болып, кейін Мәжіліске өткен Темір Қырықбаевты «өз креслосын тоқалына қалдырған» деген сыбыс шыққан, алайда Шақимерген бұл әңгімені жоққа шығарды. Ол қызметке өзінің сайлау арқылы келгенін жеткізді. Желідегі ақпаратқа сәйкес, Темір Қырықбаевтың жұбайы, бес баласы бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0