Қазір зардап шеккен сарбаз ауруханада, оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Ақпаратқа сәйкес, Отардағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметін өтеп жүрген сарбаз ауыр жарақат алған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әлеуметтік желіде алдымен оның әпкесінің үндеуі тарады. Айтуынша, 2025 жылдың 28 мамырында әскерге шақырылған жігітті демобилизацияға төрт ай қалғанда үш сержант соққыға жыққан, тағы біреуі темір затпен ұрған. Салдарынан сарбаздың жағы мен мұрны сынып, ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген. Туыстарының сөзінше, ол Алматыдағы азаматтық ауруханаға түсіп, екі рет ота жасалған, бетіне металл конструкциялар орнатылған.
Алайда кейін әскери қызметкер тиісті медициналық бақылаусыз уақытша қараусыз қалғаны айтылады. Жақындары оны пәтерден тауып алып, қайта тексерістен өткізгенде асқынулар анықталып, сарбаз әскери госпитальға жіберілген. Бас әскери полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, материалдар ЕРДР-ге тіркелгенін хабарлады. Қазір зардап шеккен сарбаз ауруханада, оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Тергеу аясында барлық қатысы бар тұлғалар мен әскери бөлім басшылығының әрекетіне құқықтық баға берілмек. Тергеу кезеңінде бірқатар лауазымды тұлғалар қызметінен шеттетілген.