Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
17 ақпанда Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметшінің қайтыс болу фактісі бойынша әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оқиға орнына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары, Бас әскери прокурор, Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу департаментінің бастығы барды.
Қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде, сараптамалар тағайындалды.
Іс бойынша процессуалдық прокурор айқындалды.
Істің тергелу барысы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы тарапынан бақылауға алынды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етуге жатпайды.