$ 489.3  578.94  6.38

«Тамаша әрі бай мемлекет»: Трамп Қазақстан туралы ойын айтты

Бұл мәлімдеме Дональд Трамп атындағы Бейбітшілік институтында өткен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысының ашылуында айтылды.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон қаласында өткен жиында сөйлеген сөзінде Қазақстан туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа қарата сөйлеген Трамп:

«Қазақстан Президенті Тоқаевқа үлкен рақмет. Неткен ғажап ел! Егер біреуде күмән болса, айтайын — бұл тамаша әрі бай мемлекет», – деді.

Америка көшбасшысының айтуынша, шараға «өте ауқатты адамдар» қатысқан. Ол сондай-ақ Тоқаевқа жиынға қатысқаны үшін жеке алғыс білдірді.

Бұл мәлімдеме Дональд Трамп атындағы Бейбітшілік институтында өткен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысының ашылуында айтылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0