Тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Абай облысында екі автокөлік соқтығысып, 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 19 ақпанда сағат 15:25–те болған.
— Алдын ала мәлімет бойынша, Омбы-Майқапшағай тасжолының 867-шақырымында, Салқын-Төбе ауылының маңында Lada Priora және Chevrolet Cobalt маркалы автокөліктер бетпе-бет соқтығысқан. Соның салдарынан 4 адам қаза болып, тағы үш адам түрлі дене жарақаттарын алды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, — деп хабарлады ведомство өкілдері.
Тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.