19.02.2026, 21:00

Қазақстан Газаға әскер жіберуге келісті

Фото: Ақорда

Жиын Вашингтондағы Дональд Трамп атындағы бейбітшілік институтында өтіп жатыр. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысып жатыр. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Жиын Вашингтондағы Дональд Трамп атындағы бейбітшілік институтында өтіп жатыр. 

Айта кетелік Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарына жұмыс сапарымен баратынын жазған едік. 

Еске салсақ Вашингтонда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарында тұратын және білім алып жүрген Қазақстан азаматтарымен кездесті.

Сонымен қатар, Қазақстан Газаға әскер жіберуге келіскені белгілі болды. Вашингтонда өткен «Бейбітшілік кеңесінің» алғашқы отырысында АҚШ президенті Дональд Трамп қатысушы елдер Газа секторына көмек көрсету үшін 7 млрд доллар бөлуге уәде бергенін мәлімдеді. Сондай-ақ Газа аймағындағы Халықаралық тұрақтандыру күштерінің құрамына әскери қызметкерлерін жіберуге дайын бес мемлекет бар екені белгілі болды. Олардың қатарында Индонезия, Марокко, Қазақстан, Косово және Албания бар.