03.03.2026, 10:30

Beeline-ге жазылған арыз «жоғалып кеткен»: Халық компанияның салғырттығына айып тақты

Фото: Tengrinews.kz, Тұрар Қазанғапов

Қауіпсіздікке қатысты мұндай мәселеде байланыс операторларының әрекетсіздігі түсініксіз.

Қызылорда қаласының тұрғыны Beeline компаниясының әрекетіне шағымданды. Тұрғын сол күні компания кеңсесіне барып, сымды алып тастау туралы жазбаша арыз қалдырған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.  Алайда 0611 және 3131 нөмірлеріне қайта хабарласқанда, өтініштің тіркелмегені айтылған. Тіпті бірнеше рет хабарласқанымен, нақты жауап болмаған. Жаңбыр мен мұзды күндері төбедегі сым қауіп төндіріп тұрғанын айтқан тұрғын: «Өзім кесіп тастасам, айыппұл саласыңдар», – деп ашынды. Оның сөзінше, компания мәселені созбалаңға салып отыр. Қауіпсіздікке қатысты мұндай мәселеде байланыс операторларының әрекетсіздігі түсініксіз. Арыз неге жүйеде жоқ? Бұл – ашық қалған сұрақ.