03.03.2026, 10:50

Атырау-Индер жолы ажалға апара ма? Асфальт ортасындағы шұңқырдан жүргізушілер шошып отыр

Фото: видеодан скрин

Облыс орталығын аудандармен байланыстыратын маңызды жолдың мұндай күйге түсуі жұрттың наразылығын күшейтіп отыр.

Атырау қаласына қарасты Қайыршақты ауылдық округі, Талқайран ауылы маңындағы Атырау-Индер тасжолында пайда болған қауіпті шұңқыр әлі күнге дейін жөнделмеген.

Күн сайын жүздеген көлік қатынайтын бұл бағытта асфальттың қақ ортасына түскен ойық жүргізушілер үшін айтарлықтай қауіп төндіріп отыр. Әсіресе кешкі уақытта немесе жолды алғаш рет пайдаланып келе жатқан көлік иелері үшін бұл – күтпеген кедергі. Жылдамдықты дер кезінде азайтпаған жағдайда көлікке зақым келуі немесе жол-көлік оқиғасы орын алуы ықтимал. Тұрғындардың айтуынша, мәселе туралы жауапты мекемелерге бірнеше рет хабарланған. Алайда нақты әрекет әлі байқалмайды. Облыс орталығын аудандармен байланыстыратын маңызды жолдың мұндай күйге түсуі жұрттың наразылығын күшейтіп отыр. Жүргізушілер жауапты органдарды жолдың қауіпті бөлігін шұғыл түрде қалыпқа келтіруге шақырады. Әйтпесе, кезекті апат орын алғанда жауапкершілікті кім көтермек? Видео: @atyrau.today06