05.03.2026, 13:50

Автобуста қалта ұрылары көбейіп кеткен бе?

Фото: видеодан скрин

Оқиға нақты қай бағытта болғаны әзірге белгісіз.

Алматыда қоғамдық көлікте қалта ұрлығымен айналысады деген күдікке ілінген бірнеше адамның әрекеті түсірілген видео әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Бейнежазбада автобустың ішінде тұрған бір топ адамның жолаушылардың қалтасын тексеріп жүргені байқалады. Куәгерлердің айтуынша, мұндай жағдайлар қоғамдық көліктерде соңғы кезде жиілеп кеткен. Желі қолданушылары қалта ұрыларының көбейгеніне алаңдаушылық білдіріп, қоғамдық көліктердегі қауіпсіздік мәселесін көтере бастады. Кейбірі жауапты органдар бұл мәселеге назар аударып, бақылауды күшейтуі керек екенін айтып жатыр. Оқиға нақты қай бағытта болғаны әзірге белгісіз. Дегенмен видео әлеуметтік желіде кең таралып, тұрғындардың қызу талқысына түсті. Видео: @harkieva.rufina_ | almaty.today02

Тегтер: ұрлық автобус