$ 499.83  581.5  6.42

Щучинсктегі 9 адамның қазасы: дәмханасы иесі темір торға тоғытылды

"Палау орталығы" кафесінің иесі Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы бойынша ұсталғаны анықталды.

Фото: baq.kz/Сырым Рахимбеков
Фото: baq.kz/Сырым Рахимбеков

Көкшетау мамандандырылған тергеу соты Щучье қаласындағы "Палау орталығы" кафесінің иесін қамауға алу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

"Палау орталығы" кафесінің иесі Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы бойынша ұсталғаны анықталды.

Ақмола облыстық прокуратурасының мәліметі бойынша, 2026 жылдың 4 наурызында Көкшетау мамандандырылған тергеу соты "Палау орталығы" кафесінің иесін екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды.

Бұған дейін Щучинск қаласындағы кафеде газ жарылысынан алты адам қаза тапқаны хабарланған болатын. Кейіннен көз жұмғандар саны жеті адамға жеткені белгілі болды.

Өкінішке қарай, 3 наурызда өрттен зардап шеккен тағы екі адам жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0