$ 499.83  581.5  6.42

Иран президенті маңызды мәлімдеме жасады

Шабуылдар Иранның 14 провинциясын қамтып отыр. 

Фото: ria.ru
Фото: ria.ru

Оның сөзінше, Иран тарапы қақтығысты дипломатиялық жолмен болдырмауға тырысқан. Десе де, ел президенті Масуд Пезешкиан Израиль мен АҚШ-тың әскери агрессиясы елге өзін қорғаудан басқа амал қалдырмай отырғанын айтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Сол себепті, ол достас және көршілес елдердің басшыларына үндеу жасаған. 

– Біз сіздердің егемендіктеріңізді құрметтейміз және аймақтың қауіпсіздігі мен тұрақтылығына оның елдерінің бірлескен күш-жігері арқылы қол жеткізу керек деп санаймыз, – деп жазды Пезешкиан әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Иран дереккөздерінің мәліметінше, соққылар салдарынан елде 200-ден аса адам қаза тауып, 700-ден көбі жарақаттанған. Шабуылдар Иранның 14 провинциясын қамтып отыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0