$ 499.83  581.5  6.42

Абай облысындағы гарнизонда әскери қызметкер көз жұмды

Мамандар оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Абай гарнизонында жазатайым оқиға болып, келісімшартпен қызмет атқарып жүрген әскери қызметші қаза тапты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы жағдай әскери техникамен жұмыс істеу кезінде болған. Әскери қызметші алған жарақаттан соң көз жұмған.

– Келісімшарт негізінде қызмет атқарып жүрген әскери қызметші ауыр жарақат алды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оқиға орнында құзырлы органдардың өкілдері жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлады гарнизонның баспасөз қызметінен.

Ведомство мәліметінше, аталған дерек бойынша қажетті тергеу шаралары қолға алынды.

Мамандар оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.

Ведомство қаза болған әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0