$ 493.36  572.84  6.29

Жамбылда екі жүк пойызы соқтығысты: машинист мас болған ба?

Қаза тапқандар жоқ.

Фото: ҚТЖ
Фото: ҚТЖ

Желіде тараған видеода Жамбыл облысындағы Жаңатас станциясында болған қауіпті жағдай көрсетілген. Куәгерлердің айтуынша, екі жүк пойызы бір-бірімен соқтығысқан, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Алдын ала мәлімет бойынша, екі секциялы магистральдық 2ТЭ10 тепловозына 5 вагон дизель отынын тасып келе жатқан маневрлік тепловоз келіп соғылған. Екінші тепловоз “Қазақстан темір жолы” компаниясына тиесілі екені айтылды.

Оқиға куәгерлерінің сөзінше, соқтығыс салдарынан адамдар қатты шошып, “бір өлімнен аман қалдық” деп жағдайдың қаншалықты қауіпті болғанын жеткізген.

Желі авторы машинист мас болуы мүмкін деген болжам айтады. “Тойып алған ба, білмеймін. Бұған қалай жол берілді?” деп сұрақ қояды ол.

Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себебі ресми түрде расталған жоқ. Қоғам “Қазақстан темір жолы” компаниясының ресми түсініктемесін күтуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0