$ 493.36  572.84  6.29

Тоқаев Қазақстанда Отбасы омбудсмені лауазымы енгізілетінін айтты

Президенттің айтуынша, мұндай жүйе тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын кешенді түрде жолға қоюға мүмкіндік береді. 

Фото: Егемен Қазақстан
Фото: Егемен Қазақстан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл қоғамдық лауызымы енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды  Sn.kz ақпарат порталы. 

 

"Отбасын қорғау мәселелері жөніндегі уәкіл қоғамдық лауазымын енгізу адам құқықтарының қорғалуы мен отбасы институтын күшейтетініне сенімдімін.

Отбасы омбудсмені Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының бірінші орынбасары ретінде қызмет етіп, атқарылған істер туралы мемлекет басшысына есеп беріп отырады", - деді президент Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шарада.

Президенттің айтуынша, мұндай жүйе тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын кешенді түрде жолға қоюмен қатар, отбасы саясатындағы басқа маңызды түйткілдерді шешуге мүмкіндік береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0