Бұл туралы Дубай үкіметінің БАҚ кеңсесі мәлімдеді.
Мәліметке сәйкес, шешім жолаушылардың, әуежай қызметкерлерінің және әуе компаниялары экипаждарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған. Барлық шаралар белгіленген қауіпсіздік талаптарына сай жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Дубай үкіметінің БАҚ кеңсесі мәлімдеді.
Анадолы агенттігінің дерегінше, Біріккен Араб Әмірліктерінің әуе қорғаныс жүйелері Иран тарапынан төнген баллистикалық зымырандар мен дрондар қаупіне қарсы әрекет етуде. Әуе қорғанысы бірнеше зымыранды жойып, әскери ұшақтар дрондар мен қанатты зымырандарды бейтараптандырған.