Ауыл тұрғындары үшін мал - негізгі табыс көзі.
Атырау облысында ерекше қорғалатын табиғи аумақтың ішінде малдың қырылған. Кадрлардан мұз ойылып, суға батқан бірнеше ірі қараның өлексесін көруге болады. Тұрғындардың айтуынша, оқиға қорық аумағында болған. Ал мұндай жерде қауіпсіздік талаптары қатаң сақталуы тиіс, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Ерекше қорғалатын территорияда мал батып өлсе, бұл бақылаудың әлсіздігін немесе жауапты мекемелердің салғырттығын көрсетеді. Мамандардың айтуынша, қауіпті жерлер қоршалып, арнайы ескерту белгілері қойылуы керек. Алайда тараған видеода ондай сақтық шаралары байқалмайды. Ауыл тұрғындары үшін мал - негізгі табыс көзі. Сондықтан бірнеше бас малдан айырылу кейбір отбасыларға ауыр шығын әкеледі. Осыған байланысты жұртшылық залалды кім өтейді, жауапкершілікті қай мекеме алады деген сұрақ қойып отыр. Видео: budetgrom_ lunarochka_83