Кадрдан бірнеше иттің адамдар жүретін жолдың бойымен еркін жүргенін көруге болады.
Қарағанды қаласының орталық көшелерінің бірінде қаңғыбас иттердің үлкен тобы жүргені түсірілген видео әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.
Кадрдан бірнеше иттің адамдар жүретін жолдың бойымен еркін жүргенін көруге болады. Тұрғындардың айтуынша, мұндай жағдай соңғы кезде жиілеп кеткен. Желі қолданушыларының бір бөлігі иттер ешкімге тиіспейді деп санаса, енді бірі бұл қала орталығы үшін қауіпті жағдай екенін айтып дабыл қағып отыр. Әсіресе кешкі уақытта балалар мен қарттардың қауіпсіздігіне алаңдайтындар көп. Видео: qaragandy.online